Описание конференции:

Елбасымыздың: «рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Менің халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген тілгені білім ордамызда есімі алтын әріппен жазылған ф.ғ.д., профессор, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы М.Тілеужанов рухани жаңғыруды шәкірттерімен жинап бастап, бүгінгі жасқа мұра етіп қалдырды. Мәтжан Максимұлының әдебиеттану саласына қосқан еңбектерінің мәні зор. Жылдар бойы ауыз әдебиеті, қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор жанрларында зерттеу жүргізіп, 250-ден астам ғылыми проблемалық мақала жазып, шешілмей жүрген шиеленістердің шешімін тапқан. Ғалымның ғылыми қызметтерін халық арасынан жинақтаған шығармалардан тұратын «Дала арулары», «Дала мұңы», «Дала даусы», «Сырым Датұлы тұралы» еңбектері дәлелдейді.

Мәтжан Максимұлы көзі тірісінде өз қайратымен жарыққа шығарып кеткен: «Астарлы әзіл», «Ел әдебиеті», «Халық тағылымы» атты монографиялық, ғылыми публицистикалық еңбектері, сонымен қоса қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне арнаған қилы тақырыптағы «ХХ ғ. Қазақ әдебиетіндегі сатиралық шығармалардың көркемдік иірімдер», «Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі юморды оқыту жөніндегі методикалық ұсыныс», «Махамбет Өтемісов творчествосы туралы қосымша материалдар», «Сатира мен юморды мектепте оқытудың кейбір мәселелері», биыл туғанына 275 жыл толған «Сырым Датұлы және оның шешендік сөздері», «Қазақтың халықтық педагогикасының кейбір мәселелері», «Термелер» деп аталатын еңбектері ғалымның қажырлы еңбегінің жемісі.

Мәтжан Максимұлы қазақ философиясы, психологиясы, жаратылыстану мен экономикасының ерекшеліктерін ашып, ұлтымыздың саналы өсіп жетілуі кезеңдерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, объективті тарихи уақыт пен кеңістіктегі ұлттық үлесімізді мойындатумен бірге, осы салаларды күйттеп жүрген зерттеуші ғалымдарға тосыннан ой тастап, тіпті пікір таластыра алатын білікті ғалым болды. Мәселен, ғалым жоқтауды орындау кезінде халық психикасы айрықша көрінісін «бұл арада дос пен қас жоқ, ақ пен қара қосылып кетеді, зұлымдық омырылып адалдықтың алдында бас июге мәжбүр, ел арасындағы кикілжін мінездер арасы жақындасады, жымдасып, ар жағы достыққа айналады» – деп көрсетеді.

Требования к научным статьям:

Бес беттен тұрады, 14 шрифтісімен, пайдаланылған әдебиеттерімен

Оплата для платных публикаций:

Тип публикаций: Бесплатно

Форма участия: Заочная

Город:

Контактный телефон: 8701635-16-59

E-mail: [email protected]

Прием статей до: 2017-10-07

Сегодня